Дүниежүзіндегі су қоры мол, ағысы қатты өзендердегі энергетикалық-шаруашылық игіліктерге сәтті қолданылып жатқан суқоймалар туралы білгім келеді. Әлемдегі ең үлкен суқойма қайсы?
Ақболат БИТЕМІРОВ, Алматы облысы
Әлемдегі ең үлкен суқойма ретінде Қытайда Янцзы өзенінде салынып жатқан, биыл құрылысы бітуге тиіс «Үш шатқал» суқоймасы аталады. 1992 жылдан бері салынып жатқан суқоймадағы электр станcысының қуаты 18200 МВт-қа жетпек. Бұл – Жұңғо елінің игілігі үшін орасан зор қуат көзі. Құны 30 млрд долларға жуық жоба құрылысын салу кезінде 100-ден астам адам қаза болған. Ұзындығы – 2345 м, өзен суының деңгейінен 300 м биікте орналасқан суқойма құрылысына 27 млн куб/метр бетон жұмсалған. Алдағы уақытта суқойма 600 шақырымды құрайтын жасанды теңізге айналмақ.
Сонымен қатар әлемдегі алып суқоймалардың қатарында АҚШ-тағы Гувер суқоймасы, Ирандағы Карун суқоймасы, Гүржістандағы Ингури, Үндістандағы Нагаржуна суқоймасы және тағы басқалар бар.