«Дүниежүзіндегі ең үлкен шіркеу мұсылман елінде орналасқан» дейді. Бұл қай шіркеу?
Данияр Қазбекұлы, Алматы
Мұсылман жамағаты көп Кот-д'Ивуар елінің Ямусукро қаласындағы Нотр-Дам-де-ла-Пэ базиликасы әлемдегі ең үлкен христиан шіркеуі болып саналады. Бұл шіркеу Гиннесстің рекордтар кітабына да тіркелген. Шіркеудің ішіне бір мезетте 18 мың мінәжат етуші емін-еркін сыяды. Нотр-Дам-де-ла-Пэ базиликасы 1985 жылдан 1989 жылға дейін Римдегі әулие Петр шіркеуінің үлгісімен салынған. 1990 жылы 10 қыркүйекте понтифик II Иоанн Павел храмға келіп, діни рәсімін жасаған. ІІ Иоанн Павел шіркеу жанынан аурухана салуды тапсырып, алғашқы кірпішін қалап кеткенімен, аурухана әлі күнге дейін салынған жоқ.
Әлемдегі ең үлкен шіркеу мұсылман елінде орналасқан
Последние статьи автора