Әлемдегі ең әдемі ұлт – қазақтар

Әлемдегі ең көркем, келбетті ұлт ретінде қай халықтар аталып жүр? Қазақтар «ғаламшардағы ең әдемі ұлт» деген сөз рас па?
Аружан,
Қостанай
Ғаламшардағы ең әдемі, ең сұлу ұлт қазақтар екені рас. АҚШ-тың Ұлт­тық географиялық қоғамы өзінің ауқымды зерттеулерінің нәтижесінде анықтаған. Географиялық қоғамның бұл зерттеулері 200-ге тарта мем­ле­кетті нысанаға алып, әр елдің тұр­ғын­да­рының суреттерін сарапқа салып, қазақстандықтарды ғаламшардың ең әдемi халқы деп таныған. Сарапшылар Астана мен Алматыдан түсірілген 100-ге жуық фотосуретті назарға алған екен. Сонымен қатар ғаламтор арқылы бұл сауалнамаға қатысқан әлемнің 3000-ға жуық тұрғынының басым бөлігі қазақтарды ең сұлу ұлт деп тапты. Зерттеу тобының төрағасы Даллес Скули: «Бұл – сирек кездесетін тәжірибе. Өйткені фотосуреттерді таны­мал желі Facebook-тегі қара­пайым халық бағалады. Сондықтан да біз халықтың борандай ұйытқыған бағасының астында қалдық. Олардың бағалары да әртүрлі болып отырды. Бір суретті біреулері «тартымды», «жа­ғымды» десе, енді біреулері тіпті «қатардағы», «жағымсыз» деп бағалап жатады», – деп жауап беріпті. Зерттеу бойынша 4,67 коэффициентті дауыс жинаған қазақтар көш бастап, 4,63 коэффициентпен бразилиялықтар екін­ші орынға жайғасыпты. Одан кейінгі орындарды 4,11 коэффициентпен ку­ба­лықтар, 4,02 коэффициентпен ита­лия­лықтар, 4,02 коэффициентпен испандықтар бөліскен. Отандас­та­ры­мыздың көркі Жаңа Гвинея тұрғындары мен Еуроодақ елдерін қатты там­сан­дырса керек. Азияның оңтүстік шы­ғы­сындағы елдер де жер­лес­те­рі­міз­дің әдемілігін мойындап, интернетке өз үндерін қосқан.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста