Әлемдегі әлсіз мемлекеттер қайсы?

Әлемдегі ең осал, әлсіз мемлекеттерді атап бересіздер ме?
Ерболат ӘЛІМҒАЗИЕВ,
Алматы облысы
Әлбетте. Дегенмен бір-екі ел­ді атай салу дау туғызуы мүм­кін. Сондықтан ресми рейтингке жүгінгенді жөн көрдік. Амери­калық Brookings Institution зерт­теу орталығы «осал елдер» деген атпен әлсіз мемлекеттердің рей­тингін жариялаған болатын. 141 мемлекет бағын сынап көрген зерттеу жұмысында, негізінен, төрт салаға ден қойылды. Эко­номика, саясат, қауіпсіздік және әлеуметтік. Әсіресе, жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі, инф­ляция деңгейі, бай мен кедейдің ара салмағы, билік адамдарының салғырттығы, заң жүйесіндегі ол­қылықтар, жемқорлық, адам құ­қы­ның тапталуы, сондай-ақ тұр­ғын­дардың өмір жасы секілді әлеу­меттік әлсіздіктер де ескерілді. Нә­тижесінде, «осал мем­лекет­тер­дің» алғашқы ондығына Сомали, Ауғанстан, Конго, Бурунди, Судан, Ор­талық-Африка Республикасы, Зим­­­бабве, Либерия және Кот д'Ивуар мемлекеттері кірді. Пост­­ке­ңестік кеңістіктегі елдердің ең осал­дары Түрікменстан мен Өз­бекстан болып шықты, олар 35-36 орын­дарда тұр. Тәжікстан бұл тізімде – 42-ші, Ресей – 65-ші, Бе­ларусь 81 орында тұрса, Қа­зақстан 89-орынға та­бан тіре­ген. Көрші Қытай 74-орын­да тұр­са, Иран – 66-шы, туыс­тас Түр­кия 98-орында ата­лады. Зерт­теу иелері мемлекеттерді бес топ­­қа бөледі. Соңғы сатыдағы «қуат­­­­­­ты мемлекеттер» деп атала­тын құйысқаны берік елдердің қата­рын­да Қазақстан да бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста