Әлемде қанша босқын бар?
Сіздер газеттің өткен сандарында босқындардың мәртебесі туралы жазып едіңіздер. Енді әлемде қанша босқын бар екенін, босқындарды негізінен қай елдер қабылдайтынын айтып бересіздер ме?
Гүлмаржан АЙТУАРОВА, Талғар қаласы
Биыл әлемдегі босқындардың нәсілдік, діни сенімі, азаматтық белгілері бойынша, сонымен қатар әскери қақтығыс, саяси тұрақсыздық, әлеуметтік ауыртпалық салдарынан өз елінен сыртқа ауа көшкен босқындардың саны 42 миллионнан асып отыр. БҰҰ мәліметтері бойынша, негізінен, Еуропа мен Америкаға жөңкілетін босқындардың көпшілігі Африкаға тиесілі. Босқындарды орналастыру, әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету мақсатында БҰҰ 1 миллиард доллардан астам қаржы жұмсайды екен. Сонымен, сіздің сауалыңыз бойынша босқындардың паналар жері АҚШ екен. Жыл сайын АҚШ – 150-300 мың, Канада – 117 мың, Германия – 91 мың, Жапония – 78 мың, Оңтүстік Корея – 48 мың, Франция – 44 мың, Италия – 41 мың, Финляндия – 30 мың, Швеция – 28 мың, Норвегия – 21 мың, Австралия – 20 мың, Дания – 11 мың, Ресей – 8 мың, Бразилия – 4 мың, Австрия – 3 мың, Жаңа Зеландия – 2 мың, Сингапур 1000 босқын қабылдайды.