Әлем халықтарының дүниетанымындағы ұлу бейнесі қандай?
Биыл ұлу жылы ғой. Ұлу батыс пен шығыста, басқа да халықтардың дүниетанымында қандай нышанды білдіреді, қандай ұғымдармен байланысты?
Гүлім РЫСКЕЛДИЕВА, Алматы қаласы
Ұлу ежелгі Мысыр мен Вавилонда мәңгілік пен өсіп-өнудің нышаны болған. Ал ортағасырлық Еуропа халықтарында ұлу – күнә мен еріншектіктің символы. Мұсылман діні ұлуды күдіктің, күмәннің, ал буддизм төзімділіктің және беріктіктің белгісі ретінде қарастырады. Италияның Гонзага текті әулетінің кейбір герцогтері ұлуды өз бойтұмары етіп қастерлеген. Олардың «Өз мүлкім өзіммен бірге» деген ұраны да ұлудың табиғи болмысынан туындаған. Халқымызда ұлу – 12 жылдың бір иесі. Су жәндігінің меншігіндегі жылда шөп бітік шығып, мал мен жанның азығы түгел болады деген сенім қалыптасқан.