Футболдан әлем чемпионаты төрт жылда бір өтсе, бокстан екі жылда бір рет өтеді. Спорттың басқа түрлерінде әлем біріншіліктері қанша уақытта бір өтетінін білсе бола ма?
Жарқын Кенжетаев, Аягөз ауданы
Жалпы, әлем чемпионаттарының өткізілуіне байланысты спортты үш топқа бөлуге болады. Бірінші топ – әлем біріншілігі төрт жылда бір рет өтетін спорт түрлері. Оған футбол, баскетбол, волейбол сынды спорт түрлері енеді. Екінші топ – әлем біріншілігі екі жылда бір өтетін спорт түрлері. Оған бокстан басқа, жеңіл атлетика, үстел теннисі, гандбол, су спорты түрлері және басқалары жатады. Үшінші топ – әлем чемпионаты жыл сайын өтетін спорт түрлері. Оған шайбалы хоккей, ауыр атлетика, спорттық гимнастика секілді спорттың тағы басқа түрлері жатады.
Ескере кетер жайт, төрт жылда бір келетін Олимпиада ойындары өтетін жылы әлем чемпионаттары өткізілмейді. Сондықтан екі жылда бір рет өтетін әлем біріншіліктері тақ санды жылдарда (2007, 2009) ұйымдастырылып тұрады.