Алдаркөсе мен Қожанасыр өмірде болған ба?

Қолымыз қалт етсе, анекдот айтамыз. Оның ішінде Алдаркөсе мен Қожанасыр «деген екен» деген күлкілі әңгімелер көп. Бұл адамдар өмірде нақ болған ба?
Ораз ЖӘЛЕЛ,
Алматы қаласы
Қожа Насыр – мұсылман халық­тары, Жерор­та теңізі мен Балқан­ның кейбір халық­та­рының қысқа сатира­лық-юморлық қойылым, ане­к­­дот, тұрмыстық ертегілерінің фольк­лорлық кейіпкері. Зерттеулер­дің ішін­дегі шындыққа жанасатыны – түріктің  Қожа Насыры (1208-1284­жж.­). Ол Хорты (Үшкіртау) қаласында ту­ған. Әкесі Абдолла имам болған. Қо­жа Кониа қаласында медреседе оқып, имамдықты меңгерген. Имамдық қыз­метін Мехмет деген адамға тапсы­рып, өзі осы күнге дейін зираты мен кесенесі сақ­талған ғылым-білім қала­сы – Ақшехирде қай­тыс болған. Ал К.С.Дав­летов Насыр образын   VIII-XI ғасырларға жатқызады.
Алдаркөсе – өмірде болмаған. Әр халықтың өзінің елді кезіп, халық­ты күлкіге қандырып жүретін Қожа­н­а­сыр образы сынды Ал­даркөсе – қазақтың ойдан шыға­­рыл­ған қалжыңбас, әзілкеш диуана­сы. Кей аңыз әңгімелерде  Алдардың Жәнібек ханмен кез­дескені, әкесінің қара­па­йым жалда­малы Алдан есімді шопан болғаны туралы мәліметтер бар. Ауыз­ша тара­ған әңгімелерден қо­ғам­дағы кем-кетікті түзеуде халық­тың үнін жеткі­зетін бір кейіпкердің болуымен тығыз байланысты. Қазақ­та Алдаркөсе сынды әр заманда қыңыр сөйлеп, мін түзейтін типтік образдар болған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста