«Алаш оқулары» байқауына кімдер қатыса алады?

Алматыда «Алаш оқулары» атты байқау өткізілмек екен. Оған кімдер қатыса алады, байқаудың шарттары қандай?
Нұрбек Есіркепов,
Алматы облысы
«Алаш оқулары» байқауының ұйым­дастырушысы Алматы қаласы Тіл­дер­ді дамыту, мұрағаттар және құ­жат­та­ма басқармасы. 15-35 жас ара­лы­ғын­­дағы талапкерлер қаты­са­тын байқау үш кезең бойынша өт­кізіледі:
«Алаш тарихы». Алаш қай­рат­кер­­лерінің өмір жолы мен қо­ғам­дық-саяси қыз­метіне қатысты сұ­рақтарға жауап беру;
«Алаш тағылымы». Алаш қай­рат­­кер­­леріне қатысты ұсынылған та­қырып бо­йынша ой толғау;
«Алаш мұрасы». Алаш ардақ­ты­ла­­рының кез келген жанрдағы әде­би шығармаларын мәнерлеп оқу.
Бай­қаудың шарты бойынша та­лап­­кер­лер Ш.Құдайбердіұлы, А. Бай­­тұр­сынұлы, Ә.Бөкейханов, М. Ду­латов, М. Жұ­мабаев, М. Шоқай, Ж. Аймауытов, С. Сей­фуллин, Б. Май­лин, І. Жансүгіров жә­не тағы да бас­қа Алаш арыстарының қо­ғам­дық-саяси қызметімен және шы­ғармашылық мұрасымен жете та­ныс­­ты­ғын бағалау бойынша са­йысқа түседі. Бай­қаудың қазылар алқасы құрамына белгілі алаш­та­ну­шы ғалымдар, ақын-жазушылар мен өнер қайраткерлері, қоғамдық ұйым­дардың өкілдері енеді. Жүл­де­лі орын алғандарға тиісті дәре­же­дегі дипломдар мен бағалы сый­лық­­тар, қатысушыларға ал­­ғыс­хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырылады. Бай­қау бағдар­ла­масы бүгін сағат 14.00-де Алматы қа­ласындағы Орталық мем­ле­кет­тік мұрағатының мәжіліс залында бас­та­лады. Ұйым­дас­тырушалардың ай­­туынша,«Алаш оқу­лары» алдағы уа­­қытта дәстүрлі түрде өткізіліп тұр­мақ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста