Жақында теледидардан шетел океанариумдарының бірі туралы берілген хабарды көріп қалдым. Таңғалғаным, алып акулалар ұсақ балықтармен бірге жүзіп жүр. Сонда акула оларды қалайша жеп қоймайды? Өйткені табиғатта солай ғой, яғни үлкен балықтар кіші балықтарды жеп қояды деуші еді...
Айдана БЕРІКЖАНҚЫЗЫ, Семей қаласы
Акуланың өзінің кіші «бауырларын» жемеу себебі – океанариумда оларды жүйелі кестемен жақсы тамақтандырады. Мәселен, акулаларға күнделікті, кесімді бір уақытта жаңа сойылған, қаны әлі кеуіп үлгермеген балық беріледі, әрине, келушілер көзінен тыс жағдайда. Сондықтан акулалардың өз көршілерін аңдитындай жөні жоқ. Биолог мамандардың бұл реттегі пікірі «жыртқыш атаулының адамзат баласынан бір айырмашылығы – олар шектен тыс қанқұмар емес. Қашан қатты ашыққанша, өзара бейбіт жағдайда қатар өмір сүре береді» дегенге саяды.
Акулалар кіші балықтарды қалайша жеп қоймайды?
Последние статьи автора