- Менің әкем екі рет үйленген. Бірінші әйелімен дәм тұзы жараспай, менің анаммен қосылды. Қазір әкем қайтыс болды да, енді оның үйінен бірінші әйелінің балалары дәметіп отыр. Олардың бұлай әрекет етуге құқы бар ма?
Жанна, Шымкент қаласы
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 6 бөлімі Мұрагерлікке байланысты. Оның 1038 бабына сәйкес мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкiнiң басқа адамға (адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы. ҚР Азаматтық кодексінің 1060 бабына сәйкес, заң бойынша мұрагерлер Азаматтық кодекстiң баптарында көзделген кезек тәртiбiмен мұрагерлiкке шақырылады. Заң бойынша мұрагерлiк кезiнде, бiр жағынан, асырап алынған және оның ұрпақтары және екiншi жағынан, асырап алушы мен оның туыстары қандас туыстарға теңестiрiледi.
Асырап алынғандар мен олардың ұрпақтары асырап алынушының туған ата-анасы, оның басқа да қандас туыстары қайтыс болғаннан кейiн заң бойынша мұрагер болмайды.
Асырап алынушылардың ата-анасы мен оның басқа да қандас туыстары асырап алынушы және оның ұрпақтары қайтыс болғаннан кейiн заң бойынша мұрагер болмайды.
Заң бойынша мұрагерлердiң әрбiр келесi кезегi алдыңғы кезектегi мұрагерлер болмаған, оларды мұрадан шеттеткен, олар мұраны қабылдамаған не одан бас тартқан жағдайда, осы кодекстiң 1074-бабының 5-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, мұрагерлiк құқығын алады.
ҚР Азаматтық кодексінің 1061 бабына сәйкес, Заң бойынша мұрагер болу құқығын бiрiншi кезекте мұра қалдырушының балалары, оның iшiнде ол қайтыс болғаннан кейiн тiрi туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы (зайыбы) мен ата-анасы тең үлеспен алады.
Мұрадан лайықсыз мұрагерлерді шеттету ҚР Азаматтық кодексінің 1045 бабына сәйкес, Мұра қалдырушыны немесе мүмкiн болатын мұрагерлердiң бiреуiн қасақана өлтiрген немесе олардың өмiрiне қастандық жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ. Бұған өсиет қалдырушы оның өмiрiне қастандық жасалғаннан кейiн өздерiне қатысты өсиет қалдырған адамдар кiрмейдi. Мұра қалдырушының соңғы еркiн жүзеге асыруға қасақана кедергi жасаған және сол арқылы олардың өздерiн немесе оларға жақын адамдарды мұрагерлiкке шақыруға не мұраның оларға тиесілі үлесін көбейтуге ықпал жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ. Балаларына ата-аналық құқықтарынан айырылған және мұра ашылған кезде бұл құқықтарын қалпына келтiрмеген ата-аналардың балаларынан қалған мұраны, сондай-ақ мұра қалдырушыны күту жөнiнде өздерiне заң күшiмен жүктелген мiндеттердi орындаудан жалтарған ата-аналардың (асырап алушылардың) және кәмелетке толған (асырап алынған) балалардың заң бойынша мұраны алуға құқығы жоқ. Лайықсыз мұрагерлердi мұрагерлiктен шеттетуге негiз болатын мән-жайларды сот белгiлейдi.
Сіздің жағдайыңызда әкеңіздің бірінші отбасынан қалған балалары толықтай бірінші кезекті мұрагерлер қатарына жатады. Егер де мұрадан шеттетуге қандай да бір ҚР Азаматтық кодексінің 1045 бабында көрсетілген негіз болса, оны сот арқылы дәлелдей аласыз. Егер де өз еркімен мұрагерліктен бас тарту жағдайында бұл адамдар мұра алудан босатылады.
Адина А. Заңгер.
meninkyzmetim.ucoz.kz
Әкемнің бірінші әйелінің балалары мұрагерлікке таласа ала ма?
Последние статьи автора