Акционер болу үшін қомақты қаржы болуы міндетті ме?
Шетел компанияларының акцияларын сатып ала аламын ба? Бұл үшін қандай сома керек?
БАЙБЕК ШЫМЫРБЕКОВ, кәсіпкер
Бұл сауалға сарапшы-маман Аймара Айдарханқызы жауап береді:
– Жалпы, отандық компаниялардың акциясын сатып алу үшін жинағыңыздың соншалықты көп болуы міндетті емес. Тіпті 100 мың теңгенің өзі қазақстандық компанияның, мысалы, «Қазақтелеком» АҚ-тың шағын акциялар пакетін алуға жеткілікті болады. Ал Лондон, Нью-Йорк, Франкфурт, Торонто, Гонконг және т.б. сияқты қаржылық орталықтардағы ірі биржалық алаңдарға тікелей қолжетімділікке ие болу үшін де минималды шек белгіленбеген. Тек сізге әрбір сатып алуыңыз алдағы комиссияларды есепке алуы тиіс екенін және болашақ табыс оң көрсеткішті болуы үшін оларды жабуы керек екенін еске ұстауыңыз керек. Халықаралық нарықтағы шығындар жергілікті нарықтағыға қарағанда жоғары болғандықтан, сәйкесінше, бұл биржаларға да үлкен көлемдегі капиталмен шыққан дұрыс.