Аюлар азайып бара жатыр
Бұрындары таулы, орманды өңірлерде аюлар көп кездесуші еді. Соңғы кездері «елімізде аюлар азайып кетті» дегенді естимін. Осы рас па?
Дастан БЕЙСЕНҰЛЫ, Алматы қаласы
«Охотзоопром» кәсіпорны мамандарының мәліметінше, елімізде аю тұқымдас жыртқыштардың ішінде Тянь-Шань қоңыр аюы «Қызыл кітапқа» енгізілген. Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауын мекендейтін жануарлардың қатары өткен ғасырдың басынан бері айтарлықтай сирей бастаған. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында аюлардың бұл түрінің 500-ге жуығы ғана қалыпты. Оның ішінде Алматы қорығында – 25, Ақсу-Жабағылыда 75 жыртқыш қамқорлыққа алынған. Қоңыр аюлардың азаюына негізгі себеп – браконьерлік пен табиғаттағы қолайсыздықтар. «Аюлардың бұл түрін сақтап қалу үшін Жоңғар Алатауында арнайы қорық құрып, күзетті күшейту қажет», – дейді мамандар.