Биыл «Айқап» журналының жарық көргеніне 100 жыл толыпты. Бұл басылымда кімдер жұмыс атқарып, қандай мәселелер көтерілген?
Нұрлыбек, Қызылорда
Зерттеушілердің нақты деректеріне сүйенсек, «Айқап» журналы Ресейдің Троицк қаласында 1911 жылдың қаңтар айында тұсауы кесіліп, 1915 жылдың қыркүйек айына дейін шығып тұрды. Алаштың айтар ойын ашық жеткізген «Айқап» журналының шығуына қазақтың белгілі ақыны, журналист, жазушы Мұхаметжан Сералин сынды қайраткер тұлғалар себепкер болған. Қазақ ұлттық баспасөз тарихындағы тұңғыш журнал ең алдымен халықты оқу-білімге шақырып, ағартушылық дәстүрді нысана етті.
Журналдың тұңғыш нөмірінде Ахмет Байтұрсыновтың әйгілі «Қазақтың өкпесі» деген мақаласы жарияланды. «Айқап» журналы басқармасында Мұхаметжан Сералинмен бipгe сол тұстағы танымал ақын, жазушы, драматург Әкірам Ғалымов, белгілі ақын, журналист Мұхамедсәлім Кәшімов, көрнекті ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров еңбек етіп, өз шығармаларын жариялап тұрды. Мағжан Жұмабаевтың, Сәбит Дөнентаевтың, Сәкен Сейфуллиннің, Tahиp Жомартбаевтың, Міржақып Дулатовтың, Қошке Кемеңгеровтің, Ахмет Мәметовтің, Мұстақым Малдыбаевтың, Кенжеғали Ғабдуллиннің, Самат Әбішевтің, Байбатыр Ержановтың алғашқы өлеңдері «Айқапта» жарық көрді. Журнал сонымен бipгe аударма әдебиетке де назар аударды. Бұған Ә.Фердоусидің «Шахнама» эпопеясынан аударылған «Рүстем-Зораб» тарауы, жазушы Лихановтың «Манап» драмасы, И.Крыловтың, М. Лермонтовтың, А. Пушкиннің, А.Чеховтің, А.Сорокиннің қазақшаланған еңбектері мысал бола алады.
«Айқапты» кімдер шығарды?
Последние статьи автора