Ғалымдар әйелдердің қай уақытта жыныстық қатынасқа құштарлығы артатынын анықтады. Бұл туралы NUR.KZ порталы grifonsoft.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Зерттеушілердің сөзіне сенсек, нәзік жандылардың ұйқысы қанған сәтте төсек қатынасына қызығушылығы артады екен. Ұйқы әйелдердің есте сақтау қабілетін де жақсартатын болып шықты.
Сексолог әрі психология докторы Лори Минц ұйқының қануы әйелдердің жыныстық гормондарының жұмысына оң әсер ететінін айтуда. Бұл өз алдына нәзік жандылардың жыныстық қатынасқа деген құштарлығын арттырады.
Ал жыныстық қатынастан ләззат алу ұйқының тәтті болуына әсер етеді дейді маман.
"Бұл еркектерге де қатысты", - дейді Лори Минц.