Әйелдер неге жүріс жасайды?

Британия ғалымдары әйелдердің неге күйеулеріне адал болмайтындарын анықтады. Бұл туралы «Мир 24» телеарнасының ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.

Оқымыстылар мұны олардың бала кездерінде отбасынан алған нашар тәрбиелерінің әсері деп тапты. Сонымен қатар, ерлердің адалдық танытпауларына ата-аналарының ықпалы аз болып шықты.

Зерттеушілер өздерінің жаңа зерттеулерін сауалдама түрінде жүргізіп, Ұлыбританияның мыңға жуық тұрғынын қамтыған. Олардың арасында әйелдер де, ер кісілер де болған. Анықталғанындай, нәзік жыныстылардың жас кезінде алған тәрбиелері олардың есейген шақтарына тікелей әсер етеді екен.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, күйеулері көзіне шөп салған әйелдердің 71 пайызы өз аналарынан үлгі алған. Сауалдамаға қатысушы әйелдер сондай-ақ өздерімен туыс басқа әйелдердің де тура өздері сияқты күйеулерін алдайтынын айтқан. Ал әйелдері көзіне шөп салып келген ер кісілердің тек 45 пайызы ғана өз әкелерінің жүріс жасағандарын мойындаған.

Бұған қоса, бұрын ешқашан күйелері көзіне шөп салып көрмеген әйелдердің 66 пайызы бұған болашақта баруға моральдық жағынан дайын екендерін білдірген. Себебі, кезінде өз аналарының да көңілдестері болған. Сонымен қатар, сұрау салынған әйелдердің 89 пайызы жүріс жасауды адамгершілікке жатпайды, мұндай әрекетті қолдауға болмайды деп есептейді.

Мұның алдында Ресей сексологтары дүкен аралауға құмар әйелдердің секске де жақын екендерін анықтаған болатын. Мамандардың айтуларына қарағанда, сауда орындарын жиі аралап, зат сатып алуға құмар шопоголик әйелдерде либидо жоғары болады екен. Мұндай әйелдер арасында аптасына кемінде 5 рет төсек қатынасымен айналысатындардың үлес салмағы бәрінен көп – 57 пайыз болып шықты. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста