Кез келген ғылым саласының бастауына үлес қосқан әйел адамдар бар. Алайда оқулықтардан бірде-бір әйел - философтың атын кездестірмейміз. Неге?
Дина, Алматы
Расында, нәзік жандылардың есімдерін философия және математика ғылым салаларынан өте сирек кездестіреміз. Алайда ғалымдар мұны нәзік жандылардың ойлау қабілетінің ерлерден өзгеше болуынан деп есептемейді. Бүгінгі заманға дейін Батыс елдерінде де, Шығыс елдерінде де әйелдің ғылымға дендеуіне ерік болған жоқ. Батыс елдерінде ғылым мен ой қуған әйелдерді «мыстан» атап, жазалайтын болған. Соған қарамастан, көптеген нәзік жанды философтың есімдерін атауға болады. Мысалы, ежелгі гректердің Гипатиясы әлемге танымал. Сондай-ақ тарихтан Анжела Девис, Бэлл Хукс, Донна Хараувэй, Юлия Кристева, Люс Иригарей, Рози Брайдотти, Адриан Пайпер, Сьюзанн Лангер, Ханна Арендт, Мэри Уолстонкрафт, Кристина Пизанская, Рената Салецл, Сьюзанн Сонтаг, Олимпия де Гуж Аспасия Ипатия, Гертруда Гиммельфарб, Симона Вейль, Пиама Павловна Гайденко және Изабелла Стенгерс сынды есімдерді кездестіруге болады. Бүгінде әлемнің оқу орындарындағы философия пәні мұғалімдерінің 60 пайызы – әйелдер.
Әйелдер философ бола ма?
Последние статьи автора