Әйел-ғарышкерлер кімдер?

Бүгінгі күнге дейін дүниежүзі бойынша 500-ден астам ғарышкердің жеті көкке көтерілгені белгілі. Ал, жалпы, ғарышқа самғаған әйел-ғарышкерлердің саны қанша?
Гүлдарай,
Алматы
Тұңғыш әйел-ғарышкер Ва­лен­тина Терешкова 1963 жылы 16 маусымда «Восток-6» ғарыш ке­ме­сімен үш тәулік ғарышта болды. Те­решкова – Ресей ар­мия­сын­дағы алғашқы және әзірше бірден-бір әйел-генерал, техника ғы­лы­мының кандидаты, Кеңес Ода­ғының Батыры. 1982 жылы оның жолын Светлана Савицкая сәт­ті жалғас­тырды. Аме­ри­калық тұң­ғыш әрі ең жас әйел-ға­рыш­кер Сал­ли Райд 1983 жылы ға­рыш­ты шар­лады. Соңғы деректер бойынша әлем бойынша 55 әйел ғарыш көгіне көтерілген. АҚШ әйел-ға­рышкер ұшы­ру­дан қара үзіп кетті. Со­нымен, осы күн­ге дейін АҚШ ға­рышқа 45 әйел-ғарыш­керді, КСРО мен Ресей үш әйел-ға­рыш­керді, Канада екі әйел-ға­рыш­кер­ді, Жапо­ния екі әйел-ға­рышкерді, ал Ұлы­британия, Фран­ция, Корея Республикасы бір әйел-ғарыш­кер­ден ұшырған. Биыл маусым айын­да Қытай «Шэньчжоу-9» ға­рыш кемесімен өзде­рінің тұң­ғыш әйел-астронавтын ұшырмақ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста