Қазақта «қыздардың шашы – ұзын, ақылы – қысқа» деген сөз бар. Әйел затының ақылына шашының не дене-бітімінің қатысы бар ма?
Асқын БЕРІКБАЙҰЛЫ, Кереку
Бұл сұраққа Калифорниядағы Питтсбург университетінің ғалымдары статистикалық деректерге сүйене отырып, жауап берген еді. Тәжірибе жасаушылар 15 мың әйелге кең көлемді эксперимент жасап, әйелдің ойлау жүйесіне дене-бітімінің қатысы бар екендігі анықталды.
Нәтижесі таңғаларлықтай болды. Толық әйелдер арық, нәзіктерге қарағанда ақылдырақ болып шықты. Етжеңді аналардан туған балалар да сондай нәтиже көрсетті. Ғылыми негізге сүйенген ғалымдар әйелдердің майды көбіне белдері мен бөкселеріне жинайтынына орай, болашақ сәбидің миының дамуына әсер ететін «W-3» май қышқылының мөлшері көбірек болатындығын анықтады.
Бұған балама да пікір бар. Кейбір ғалымдардың айтуынша, толық әйелдер өзіне ер-азаматтарды қарата білу үшін, ақыл-ойына көбірек мән берулері қажет екен. Себебі талдырмаш әйелдерге тек дене бітімінің өзі жеткілікті.
Әйел ақылы неге байланысты?
Последние статьи автора