Әлемде ағылшын тілінің мерейі үстем екенін білеміз. Бірақ ағылшын тілі нақты қай мемлекеттерде ресми тіл немесе үстемдік құрып отырғанын білмейміз. Әлемде ағылшын тілді елдер қанша екенін айтып бересіздер ме?
Ағылшын тілі ресми тіл саналатын немесе кең таралған шамамен 56 мемлекет бар. Оған қоса ағылшын тілімен таң атырып, күн батыратын 25 шақты тәуелді иелік бар екенін айтуға болады. Сонымен ағылшын тілді елдерді тізбелей кетсек: Үндістан, АҚШ, Пәкістан, Нигерия, Филиппин, Ұлыбритания, Оңтүстік Африка Республикасы, Судан, Кения, Канада, Уганда, Гана, Австралия, Камерун, Зимбабве, Малави, Замбия, Руанда, Сьерра-Леоне, Папуа-Жаңа Гвинея, Либерия, Намибия, Ямайка, Лесото, Ботсвана, Гамбия, Маврикий, Свазиленд, Тринидад және Тобаго, Фиджи, Гайана, Соломон аралдары, Мальта, Багам аралдары, Белиз, Барбадос, Вануату, Самоа, Сент-Люсия, Сент-Винсент және Гренадина, Микронезия, Кирибати, Тонга, Гренада, Сейшель, Доминика, Антигуа және Барбуда, Маршалл аралдары, Сент-Китс және Невис, Палау, Науру, Тувалу.