Ағаш қанша жасайды?
Кейде ағаштарға қарап, осылар қанша жасайды екен деп ойлаймын. Расында, қай ағаштың ғұмыры қанша жыл?
Зәмира Медеуқызы, Талдықорған қаласы
Шыны керек, мамандар оны зерттеп, шамалап әр ағаштың жасын анықтап қойған. Сенесіз бе, ағаштың ғұмырының қасында, адам ғұмыры тым келте ме деп қаласыз. Мысалы, секвойя, баобаб сынды ағаштар 5000 жылға дейін өмір сүреді екен.
Сауырағаш (кипарис) пен шілік – 3000 жыл;
Балқарағай мен шырша – 1200 жыл;
Емен, ақ терек, жуанжапырақты жөке және шынар – 1000 жыл;
Кәдімгі қарағай – 600 жыл;
Үйеңкі, ақ үйеңкі, талшын – 500 жыл;
Сағызқарағай мен эвкалипт – 400-500 жыл;
Грек жаңғағы, зәйтүн ағашы – 400 жыл;
Бүк ағашы – 300-400 жыл;
Қайың – 250 жыл;
Алма ағашы – 200 жыл;
Сексеуіл – 150-200 жыл;
Өрік ағашы, бамбук – 100 жыл;
Шетен – 80 жыл;
Айва ағашы – 50 жыл;
Шырғанақ ағашы 25-30 жыл жасайды екен.