Алматыда өткен дүйсенбідегі дүлей жаңбыр кезінде көп ағаш машиналарға құлап, басып қалып еді. Осындай оқиғалардан зардап шеккен адамдардың жағдайы қалай? Теледидардан тыңдай алмадым, олар қандай жарақат алған?
Сәбит, Алматы қаласы
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының мәліметінше, маусымның 27-сі күнгі дауыл кезінде құлаған ағаш басып қалған төрт адам қаланың ауруханаларына жатқызылды. Александр Трухачев есімді 20 жастағы жігіт ағаш астында қалған автокөліктен шығарылған. Қазір ол Орталық қалалық клиникалық ауруханада емделіп жатыр. Дәрігерлер оған жамбас сүйектің жабық сынуы деген диагноз қойған. 50 жастағы Ирина Фролованың үстіне де ағаш құлап кеткен болатын. Оның бел омыртқасы мен жамбас ұршығы сынған екен. Дауыл күні жұмыс істеп жатқан екі құрылысшы да құлаған ағаштан зардап шеккен еді. 30 жастағы Шашубай Сәрсенбаев пен 34-тегі Нұрлыбек Жабашев №7 және №12 ауруханаларға жеткізілді. Олардың біреуі қабырғасын сындырып алса, біреуінің тізе қақпағы зақымданған.
Ағаш басып қалған адамдардың жайы қалай?
Последние статьи автора