Афрасиаб деген кім?
Тарихи әдебиеттерде Афрасиаб патша деген тұлға жайлы айтылады. Бұл кім?
Мирас ҚАРҒАЖАНҰЛЫ, Қарағанды облысы
Иран мифологиясы бойынша, Орталық Азиядағы ежелгі Тұранның, көшпенді және жартылай көшпенді ирнтілдес халықтардың, бір сөзбен айтқанда, сақтардың Афрасиаб есімді билеушісі болған. Ал орта парсы және исламдық дереккөздерде Афрасиабтың Тұраның ұрпағы, дәлірек айтқанда, қиялдан туған Иран Фаридун патшаның ортаншы баласы болғаны айтылады. Авестиялық дәстүрде оның есімі mairya эпитетімен қатар қолданылады. Яғни, мұнымен оның алдамшы, қу әрі зұлым болғандығы айтылса керек. Жалпы, ежелгі шығармаларда Афрасиаб жағымсыз кейіпкер ретінде суреттеледі. Мәселен, Фирдоусидің «Шахнамесінде» Афрасиабтың зұлым әрі сиқыршы патша болғаны айтылған. Шығармада «отырықшы ирандықтар мен көшпенді тұрандықтар арасындағы соғыста тұрандықтарды Афрасиаб есімді зұлым патша басқарады», – деп бұрмаланып көрсетіледі.