Нотариалдық, адвокаттық қызмет істеуге лицензиясы бар әрі реестр медиаторлықпен айналысатын тұлғаның кәсіпкерлік шаруамен айналысуға құқығы бар ма?
Елдар БАЯНҒАЗЫ, Шығыс Қазақстан облысы
Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет туралы» Заңы бойынша адвокаттың мемлекеттік қызметпен қоса, кәсіпкерлік шаруамен шұғылдануына тыйым салынады. Сондай-ақ адвокаттың бір мезгілде коммерциялық ұйымның бақылаушылар кеңесінің құрамында болуға, оқытушылық, ғылыми және шығармашылық жұмыстар-мен айналысуына шектеу жоқ. Тура сол сияқты нотариустық іспен айналысушы тұлға заң негізінде кәсіпкерліктен өзге оқытушылық, ғылыми әрі шығармашылық жұмыстармен шұғылдануға құқығы бар. Бұған қоса, реестр медиатордың кәсіпкерлікпен өз жұмысын байланыстыруға шектеу қойылған.
Адвокат кәсіпкерлікпен айналыса ала ма?
Последние статьи автора