Адвокат болғым келеді...
Елімізде адвокат қызметіне байланысты заңға бірқатар өзгеріс енгізілген екен. Олар қандай өзгерістер?
Жолдасбек ЕРКІНҰЛЫ
Елімізде адвокатура мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өткен жылы өзгерістер енгізілген еді. 21 қаңтардан бастап күшіне енген өзгерістер адвокат қызметіне ниет білдіргендерді аттестациядан өткізуге, үміткерлердің тәжірибеден өтуіне байланысты мәселелерді реттеуге арналған комиссия жұмысының ашықтығын, сондай-ақ адвокаттар ұсынатын қызмет сапасын бақылауды қамтамасыз етуге арналған.
Заң адвокаттар коллегиясына қабылданатын адвокаттарды ауылдық елді мекенде үш жылдан кем емес мерзімде осы қызметті жүзеге асырған жағдайда алғашқы мақсатты жарна төлеуден босатады. Сондай-ақ жүктілігіне байланысты немесе үш жасқа дейінгі мерзімде баламен үйде отырғандар, уақытша қызметке жарамсыз деп танылғандықтан екі айдан астам мерзім бойы адвокаттық қызметті жүзеге асыра алмағандар ай сайынғы мүшелік жарнаны төлеуден босатылады.
ҚР әділет вице-министрі Әмірхан Аманбаевтың пікірінше, заң ережелері адвокатура қызметін ұйымдастыруды әрмен қарай жетілдіруге, адвокат мамандығына қолжетімділік мәселесінде сыбайлас жемқорлықты төмендетуге бағытталған.