Адамзатқа қатерлі ғаламдық апаттар қандай?
Жақында әлем ғаламдық жылынуға қарсы Копенгагенде өткен саммитке қатысушы елдер бір тоқтамға келе алмағанын естідім. Жер шарының жылынуы ғаламдық апатқа ұшырататын түрі бар. Адамзатқа қандай ғаламдық апаттар қауіп төндіріп тұр?Аянбек МЕРКЕБАЕВ, Алматы облысы
Адамзатқа қауіп төндіретін ғаламдық апаттар ғарыштық, табиғи және қолдан жасалған деп бөлінеді. Алдымен ықтимал ғарыштық апаттар төмендегідей жіктеледі: 1. Метастабильді вакуумның күйреуі; 2. Біз симуляциямен өмір сүруіміз мүмкін және оның бір мезетте өшірілуі ықтимал. Табиғаттағы ғаламдық апаттар: 1. Орасан зор энергия бөлуі арқылы гамма-жарылыс; 2. Супервулканның атқылауы; 3. Астероидтардың құлауы; 4. Күннің аса күшті жарқырауы; 5. Парниктік қайтымсыз жылыну салдары (атмосфераның төменгі қабатының шектен тыс жылынуы). 6. Озон қабатының тесілуі; 7. Жат ғаламшарлықтардың шабуылы. Қолдан жасалуы мүмкін ғаламдық апаттар: 1. Жасанды интеллектінің дұшпандығы; 2. Гендік инженериямен байланысты биологиялық апат; 3. Ғаламды радиоактивті залалға ұшырататын және ядролық «қысқа» душар ететін ядролық соғыс; 4. Сәтсіз физикалық эксперимент (Үлкен андронды коллайдер); 5. Жердің озон қабатын қасақана жою; 6. Ірі астероидтарды әдейі Жерге бағыттап ауытқыту.