Адамның не ойлап тұрғанын айтқызбай білуге мүмкіндік беретін арнайы медициналық жабдықтар бар ма?
Назгүл ІДІРІСОВА, Алматы қаласы
Ауыр жүйке ауруларын зерттейтін медициналық мекемелерде электроэнцефалограмма сияқты жабдықтар қолданылады. Бірақ мұндай қондырғылардың мидың қызметін экранға пульс түрінде бейнелеп, оның көшірмесін алуға ғана мүмкіндігі бар. Ал жақында АҚШ-та мидағы бейнелер мен адамның ойын толық оқуға мүмкіндік беретін жабдық жасалды. Neuralynx System аталатын қондырғыны профессор Фрэнк Гюнтер бастаған Бостон университеті ғалымдары құрастырған. Жабдықтың бас сүйекке таңылатын тетіктері мидағы ойлар мен бейнелердің кескінін монитордан көрсете алады. Сондай-ақ ол адамның айтқалы тұрған сөздерін дыбыстай да алатын көрінеді. Мамандардың айтуынша, бұл жетістік ақыл-есінен айырылған немесе басқа да психикалық ауруға ұшыраған пациенттің миын зерттеуге септігін тигізбек.