Адамға сену керек пе?
Қазір не көп, алаяқтық көп. Ақша үшін арын, тәнін сататындар, өз туысы мен бауырын алдап ақшасын жеп кететіндер көбейді. Бірақ соның бәріне қарамастан, ежелден санамызға сіңіп қалған адал, таза, қайрымды жандар туралы түсінік көп адамдарды әлгіндей алаяқтардың арбауына түсуге еріксіз итермелеп жатады. Егер адамдардың бәрі бір-біріне мүлдем сенебйтін болса, онда мына өмірде сенімге негізделген қатынас та болмас еді. Ал оның ақыры адамдардың арасынадғы байланысты үзіп, әр пенде өз күнін өзі көретін, ешкімге сенбейтін, бір-бірімен жылы қатынас жасамайтын тағылық қоғамға әкеліп соғатыны анық.
Өзіңе берік бол, қоңсыңды ұры тұтпа
Қазақта осындай мақал бар. Яғни, көршіңді ұры санама, бірақ әрдайым өзіңе берік болып, сақтық шараларын естен шығарма дегенге саяды бұл мақал. Ал енді осы халық даналығының астарында діни түсінікпен астасып жатқан үлкен ақиқат бар. Мысалы, Қасиетті Құранда «Ол күні туыстардың арасы айрылады. Ата-ана баласынан, бала ата-анасынан безеді. Әркім өз қамын күйттеп кетеді» деген мағынадағы аят бар. Бұдан ұғарымыз: қиямет қайым келіп, адамдардың басына қатер төнген сәтте күні кеше «баламның табанына кірген тікен менің маңдайыма қадалсын» деп тілейтін ата-ана баласынан безіп, қара басын күйттеп кетеді екен.
Адамға физиологиялық жағынан ең жақын және басқалармен салыстырғанда біршама ақылдылау хайуан – маймыл ғой. Сол маймылған ғалымдар мынадай тәжірибе жасайды. Ұрғашы маймылды баласымен бассейнге қамайды да су жібереді. Су жоғарылаған сайын мазасызданған маймыл баласын жоғары көтеріп, оны құтқаруға тырысады. Ал су тамағына келгенде баласыын басына көтеріп алады. Содан кейін қызық басталады. Су мамйлдың мұрнына келген сәтте тұншығып өлетінін біліп жанталасқан маймыл енді төбесіне көтеріп алған баласын аяғының астына қойып, оның үстіне шығып тұрады. Осылайша маймыл жаны қысылғанда баласын құрбандыққа шалып, өзін құтқаруғы ұмтылады.
Енді Құранның жоғарыдағы аятын еске түсірейік. Қиямет қайымда, яғни тозаққа баратын басына қатер төнген аса қиын сәтте туыс-бауырлар бір-бірінен безіп, ата-ана баласынан теріс айналып, қарақан бастарын құтқару үшін жанталасады екен. Яғни, бұл барша тіршілік иесіне, оның ішінде саналы адамға да тән қасиет. Әр тірі пенде ең бірінші кезекте өзін құтқаруды ойлайды. Біреу үшін басын құрбандыққа байлау деген – бұл ертегілерде немесе көркем шығармаларда айтылатын адамдардың ойдан шығарған қияли-арманы ғана. Жалпы, адамзаттың табиғаты – қара басы үшін тірлік кешу. Қасиетті кітапта – Құранда бұл нақты аққа қара жаққандай анық айтылған.
Міне, осы ақиқатты білетін әрбір пенде «өзіңе берік бол, қоңсыңды ұры тұтпа» деген халық нақылын есінде ұстап, ешқашан басқаға, оның ішінде, тіпті туыс-бауыры немесе ата-анасына да ешқашан құлай сенбей, өз мәселесін өзі шешуге тырысып тірлік кешеді. Ондай адамдар әдетте көп қателіктен, ауыртпалықтан аулақ болып, ешкімге салмағын салмай бірқалыпты өмір сүреді. Аталмыш ақиқатты білу де дәл сол үшін қажет.
Аңғалдықтан аулақ бол
Аздап бизнеспен айналысатын бір таныс жігіттің басынан мынадай жағдай өтті. Одан жақын досының әйелінің сіңлісі қарызға қомақты ақша сұрайды. Қайтарамын деп қолхат та береді. Бірақ белгіленген мерзім өтсе де қайтармайды. Содан үйіне барса, есігін ашпайды, телефон соқса жауап бермейді. Жолдасының әйелі сіңлісінің өзімен де мүлдем хабарласпай кеткенін айтады. Ақырсында ол ақшасынан айрылып тынды.
Тағы бір әріптесім жақсы араласып жүрген, бірге оқыған досы сұрағасын өз атынан оған қомақты мөлшерде банктен кредит алып береді. Алғашында ол танысы ақшаны ай сайын төлеп тұрыпты. Содан күндердің күнінде төлеуін тоқтатады. Осыдан кейін банк әлгі әріптесімді сотқа беріп, сот орындаушысы арқылы ай сайын өсімімен кредитті қайтаруға мәжбүрледі. Осылайша досына сенген ол алмаған кредитті төледі.
Міне, мұндай мысалдарды одан әрі де тізбелеп келтіре беруге болады. Ақша аларда өлердегі сөзін айтып, ант-су ішіп жалынатындар ақшаны қайтарарда жалт бұрылып, көрмей кететіндері бар. Ал енді бұндай жағдай жәй таныстардың арасында емес, туған туыс-бауырлардың, жақын достардың арасында болса, бұл адамның өзгелерге деген сеніміне селкеу түсірері анық. Шындығында, жоғарыда айтып кеткеніміздей, адамдарды алдау, қара басының қамын күйттеу әрбір АДАМНЫҢ ТАБИҒИ ҚАСИЕТІ. Осы ақиқатты жақсы білсеңіз, сіз ешқашан алданып, бармақ шайнап қалмайсыз. Өйткені, қиын шақта қара басын күйттеп кететін адамның бойындағы табиғи және ажырамас қасиетін білгендіктен, сіз құлай сенбей, әрдайым сақтық шараларын ескеруді естен шығармайсыз.