Адам өмір жасын ұзарта ала ма?

Біреуге ерте, біреуге кештеу келетін ажалдан қашып құтылушы пенде жоқ. Өзекті жанға түптің түбінде ажал келетіні даусыз шындық. Дегенмен де, әрбір ақыл-есі дұрыс адам ұзағырақ жасауды қалайтыны анық. Адамның ұзақ немесе қысқа жасауының себебі неде, бұл тағдыр туған кезде маңдайға жазылып қойған заңдылық па, әлде кездейсоқтық па?  Егер тағдырдың бары рас болса, әу баста белгіленген өмір жасын адам ұзарта ала ма?  Мақаламыздан осы сауалдарға жауап таба аласыз.

 

Тағдыр бар

Мына жалғанда егер ақыл көзімен байыппен қарайтын болсаңыз, кездейсоқ ештеңенің болмайтынын, әрбір құбылыстың сыртында заңдылық тұрғанын бағамдауға болады. Күн мен түннің алмасуы, жыл мезгілдерінің кезектесіп келуі, сәбиліктен басталған адамның  өмірінің белгілі бір мерзім аясында болуы, яғни ғұмыр жасы – бәрі қатаң заңдылықтардың шеңберінде әрекет ететінін ешкім теріске шығара  алмайды.

 

Егер барша әлемге ғылым табиғат  заңдылығы деп атап қойған заңдылық үстемдік етіп тұрса, онда адамның дүниеге келген кезінде-ақ өмір жасының ұзақтығы белгіленіп қойылады деген  түсініктің шындық болғаны ғой. Яғни, тағдыр жолы деген бар және біздің өміріміз түгел сол тағдыр заңдылығы шеңберінде өтеді.

 

Тағдыр деген болса және өміріміздің ұзақ, не қысқалығы, бақуатты болмаса кедей болуымыз – бәрі алдын ала белгіленіп қойылған болса, онда өмірімізді өзгертеміз деп тыртыңдаудың жөні бар ма? Егер тағдырды өзгертуге болмайтын болса, онда адамға қалатыны алдын ала белгіленген жолмен жүріп өту ғана болады және ешбір пендені ешбір теріс әрекеті үшін кінәлай алмайсың. Мәселен, маскүнем «мен арақ ішкісі келеді дейсің бе, маңдайыма тағдыр жазған соң  оған не істеймін?» дейді және айтқаны жөн болып шығады.

 

Осылайша, алдын ала белгіленіп қойылған тағдыр жолын өзгертуге болмайды деген түсінік, адамды үмітсіздікке ұрындырып, әлжуаз, жалқау адамдардың сылтау табуына жағдай жасап береді. Барша әлемді соншама дәлдікпен және шеберлікпен үйлестіріп жаратқан Алланың  адам тағдыры арқылы пендеге өз өмір жолын өзгертуге еш мүмкіндік қалдырмай еріксіз Өзі жасаған тағдыр жолына мәжбүр етіп қоюы қалай? Бұның өзі Жаратқанның толымдылығы, тіршілік иелеріне деген қайрымдылығы мен кешірімшілдігін теріске шығармай ма?

 

Тағдырды өзгертуге болады

Дәстүрлі діндердің қасиетті кітаптарына назар аударып, ақыл таразысына сала қарайтын болсаңыз, тағдыр қатып қалған тас емес, оны өзгертуге болатынын  түйсінесіз. Веда ілімінде адам өміріне  әсер ететін 4 күштің барлығын, олардың үшеуіне адамның әмірі жүрмейтінін, тек төртіншісі, яғни әрекетті өзгерту арқылы адамның өз өмірін толықтай өзгерте алатыны айтылады.  Сонымен тағдыр жолын өзгертудің жалғыз амалы – әрекетті өзгерту екен.

 

Алдын ала белгіленген тағдыр жолымен жүретін адамның белгісі – ол адам еш ойланбастан өмір қайда  бағыттаса солай қарай қозғалады, ертеңгі күні не болатынын, не күтіп тұрғанын білмей жел айдаған қаңбақ сияқты тірлік кешеді. Ал тағдырын өзгертуге талпынған адам алдына саналы мақсат қойып, сол мақсатына жетудің нақты жоспарын жасап, соны жүзеге асыруға күш салады.

 

Осыдан түйеріміз: тағдырды өзгертудің жолы – саналы түрде әрекет жасау. Ол үшін өзіңізге не керек екенін, оның не себепті қажеттігін біліп алып, сол ойыңызға алған игілікке жетудің нақты жоспарын жасап, нақты әрекет етуіңіз қажет. Тағдырды өзгертудің жалғыз жолы – осы.

 

Қожанасыр мен бай

 

Қожанасыр күн сайын таңертең мешітке барып, намаз оқып болғаннан кейін қол жайып Алладан мынадай тілек тілейді екен: «Иә, Алла маған 100 алтын ділдә бере гөр, 99 болса алмаймын, 100-ден көп болса аламын». Оның Құдайдан тілек тілеп жатқанын құлағы шалып қалған бір бай Қожанасырды ақымақ қылғысы келіп қулық ойлайды.

 

Әлгі бай Қожанасыр намаз оқып жатқанда шығып кетіп, мешіттің төбесіне көтеріледі. Жарық түсетін саңылауға келіп, Қожанасыр Құдайдан ақша сұрап  дұға еткен кезінде 99 ділдә салынған дорбаны оның алдына төбеден лақтырып жібереді. Қуанып кеткен Қожекең  қалтаны ашып, алтынды санаса 99 болып шығады. Дегенмен ол: «99 ділдә берген Алла 1 ділдә бермейді деймісің» деп дауыстап сөйлеп, алтынды қалтасына салып алады.

 

Қожанасыр мешіттен шыға берген кезінде қарсы алдынан шыққан бай: «Алтынымды қайтар» дейді әй-шәй жоқ. «Қайдағы алтын?» дейді Қожекең.

 

 
- Мына қалтаңдағы 99 ділдәні мен тастадым, ақшамды қайтар, -дейді бай. Қожекең саспастан оны Алла бергенін айтады. Сол арада екеуі даурығысып біраз дауласады. Бай оның ақшаны еркімен қайтармасын білген соң «қане, қазыға барамыз» дейді. Бірақ Қожанасыр «сенің атың бар, мен жаяу бармақпын ба, бармаймын» -дейді.

Оны қайтсе де қазыға апармақ болған бай «мен саған ат беремін» дейді. Сонда Қожекең «үстімдегі мына жалбыр шапанмен бармақпын ба, жоқ бармаймын» дейді тағы да қырсығып. Амалы таусылған бай оған жаңа шапан береді. Осылайша екеуі қазыға келеді. Бай алдымен сөйлеп, болған жайды түгел баяндайды. Қазы Қожанасырға қарап: «ал сен не дейсің» дейді.

 

-Бұл байдың айтып тұрғанының бәрі жалған, жала жауып тұр, -дейді Қожанасыр.

 

-Онда дәлелде жала екендігін, -дейді қазы.

 

-Ол оңай. Қазір бұдан мына мініп келген ат кімдікі деп сұраңыз, -дейді Қожанасыр.

 

-Ат кімдікі?- дейді қазы.

 

-Менікі, -дейді бай мүдірместен.

 

-Мынау үстімдегі шапан да сенікі шығар онда? –дейді Қожекең.

 

-Әлбетте менікі, қазыға жаман шапанмен бармаймын дегесін бердім, -дейді бай.

 

-Көрдіңіз бе, бұл байдың өтірікші суайт екендігін. Атымды да, шапанымды да бет-ауызы бүлк етпестен менікі деп тұр, оған қоса, қалтамдағы 99 ділдәмді де тартып алмақшы, -дейді Қожекең. Осыны естіген қазы «Қане, табаныңды жалтырат, оңбаған суаит, әйтпесе жазаға тартамын» деп ақырады. Зәресі ұшқан бай аяғына жалынып, қаша жөнеліпті дейді.

 

Құдайдан нақты тілек тілеңіз

 

Қожанасыр туралы бұл аңызға жәй адамдарды күлдіру үшін айтылған анекдот сияқты әңгіме деп қарауға болмайды. Қожанасырдың орта ғасырларда Түркияның Ақшахар деген кентінде өмір сүргендігі туралы нақты деректер бар және ол әулие сопы болған. Қожанасыр адамдарды өмірге боямасыз, қаз-қалпына қарауды үйрету үшін сондай ақылға сиымсыздау және күлкілі әрекеттер жасаған. Қожанасыр туралы әрбір әңгіменің астарында тылсым сыр бар.

 

Мына әңгіменің астарынан ұғарымыз: «Кез-келген игілікті адамнан емес, тек Алладан сұрау керектігін және сұрағанда нақтылап сұрау қажеттігін  түйсінеміз.  Қазақ «адамнан сұрағанның екі көзі, Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады» деп текке айтпаған. Яғни, өзімізге не қажет болса, соны Алладан және жалпылама сөзбен емес, нақтылап сұрауымыз шарт екен.

 

Қожанасырдың дұғасын есіңізге алып қараңыз: «Иә, Алла маған 100 алтын ділдә бер» дейді ол. Адамдар әдетте Алладан «Я, Алла мол байлық, дәулет бер» деп сұрап жатады. «Мол байлық, дәулет» деген жалпылама сөз, нақтылық жоқ. Сондықтан мұндай тілектер қабыл болмайды және орындалмайды.

 

Бұл тәсілдің мүлтіксіз жұмыс істейтініне өз басым өмірде талай мәрте көзім жетті. Редакцияда бірге қызмет еткен бір келіншек баспана ала алмай қатты қиналып жүрді. Ол обыстың екі әкіміне кіріп, үй сарады. Әлгі әкімдердің екеуі де уәде беріп, бірақ сөздерін орындай алмады. Бір күні телефонмен сөйлескенде әлгі келіншек  үй алудан күдер үзе бастағанын айтып қиналды. Сонда мен оған: «Баспаналы болудың оңай тәсілін айтайын ба» дедім. «Айтыңыз» деді ол қуанып.

 

-Онда үйді Алладан тілеңіз. Саған қанша бөлмелі пәтер керек. Екі бөлме ме, онда «Иә, Алла маған екі бөлмелі пәтер бер» деп сұра. Көп ұзамай тілегің орындалады дедім мен. Ол сенер-сенбесін білмеді. Бұл қалжың емес, өз басым осы тәсілдің нақты жұмыс істейтінін өмірде талай көрдім дедім мен.

 

-Күнде жатар кезде бір-екі минут уақытыңды қиып, осы тілекті тілеп отыр, ол үшін ақы төлемейсің және көп уақыт та кетпейді.

 

Менің осы сөзім себеп болды ма, әлгі келіншек айтқанымды істеп, күнде тілек тілеп жүріпті. Бір күні ол маған қуанып телефон шалды. Осыдан үш жыл бұрын мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алуға тапсырған  өтініші жақында қаралып, екі бөлмелі пәтер алатын болыпты.

 

Өміріңізді ұзартқыңыз келсе…

 

Егер сіз  ұзақ өмір сүргіңіз келсе, Алладан нақты тілек тілеңіз. Мысалы, сізге қанша жас қажет? 80, 90, тіпті 100 жас. Онда күн сайын жатар орында Алладан «Я, Алла маған 100 жас бер» деп тілек тілеп дұға етіңіз. Бұл тілегіңіз міндетті түрде қабыл болады. Бұл тәсіл мүлтіксіз жұмыс істейді.

 

Талай адамдардың өмірін өзгерткен «Секрет» фильмінің авторларының айтуынша «Өміріңізді өзгерткіңіз келсе, ойша  өзіңіз қалаған жай туралы ойлап, нақты соны көз алдыңызға келтіріңіз» дейді. Бұл тәсілді «визуализация», яғни ойша елестету деп атайды. Осы тәсіл арқылы қаншама адамдар бақуаттылыққа қол жеткізіп, жазылмайтын дерттерінен айыққан. Яғни, тәсіл жұмыс істейді.

 

Ере ақылмен ой жүгіртіп қарайтын болсаңыз: Алладан нақты  тілек тілеу де, болашақ арман-мақсатыма жеттім деп өзіңізді сендіріп, ойша соны көзіңізге елестету де бір нәрсе екенін ұғынуға болады.  Тек біреуі діни әдіс те, екіншісі ғылыми тәсіл. Бар айырмасы осы ғана. Екі тәсіл де мүлтіксіз жұмыс істейді, тек нық сеніміңіз болсын.   

 

akikat01.com

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста