Бүгінде Маңғыстау өңірінің гимніне айналып үлгерген «Адай» күйін кейбіреулер адайдың бір қызы шығарыпты дегенді айтып жүр, сол рас па? Жалпы, бұл күй туралы қандай да бір болжамдар бар ма?
Еркін Ерден, Алматы
Бірінші болжам. «Адай» күйінің қалай шыққандығы туралы жазушы Әнуар Әлімжановтың «Махамбеттің жебесі» деген кітабында Махамбет-Исатай көтерілісі кезінде қазақтардың Гекке отрядына қарсы күресте табандылық танытқан жасақшылар арасындағы адай руынан шыққан азаматтарға арнап Құрманғазының өзі шығарғаны туралы жазылса, ал екінші нұсқада Құрманғазы жолаушылап келе жатып бір адайдың үйіне түсетіні айтылып жүр. Онда Құрағым үйдің керегесінде ілулі тұрған домбыраның үкісі оның иесінің не қыз бала, не сал-серінің бірі екендігін меңзегендей еді. Құрекең қолына домбыраны алып, бір-екі қағып көріп, әдейі теріс бұрап, қайтадан орнына іліп қояды. Біраз уақыттан соң үйге кемпір мен шал, сондай-ақ олардың 18 жастағы қызы кіреді. Қыз Ақмаңдай екен, «мына домбыраға кім тиген» деп өз бұрауына түсіріп, бір күйді тарта жөнелген екен. Сондағы тартылған күй дәл осы «Адай» күйі болуы мүмкін деген де болжам бар.
«Адай» күйінің авторы кім?
Последние статьи автора