Адай көтерілісі – азаттық күресі

Адай көтерілісі – азаттық күресі

Қазақ тарихында көптеген ұлт-азаттық көтеріліс болды. Соның бірі – Адай көтерілісі. Сіздердің газеттеріңізден Адай көтерілісі туралы мағлұмат алғым келеді.
Бердімұрат БАЙЗАҚҰЛЫ,
Батыс Қазақстан облысы
Ресми тарихи деректер бойынша, Қазақ­стандағы ұжымдастырудың ірі трагедияла­рының бірі Адай көтерілісінің орталығы Маңғыстауда болды. 1925 жылы Қазақстанға келген бетте-ақ Голощекин күн тәртібіне ауыл­ды кеңестендіру ұранын төтенше қой­ған. Қазақ ауылын кеңестік жолмен дамыту­дың ақыл­ға сыйымды балама жолдарын ұсынған С.Сә­дуа­қасов, С.Қожанов, С.Мең­дешев тәріз­ді азамат­тардың пікірлеріне құлақ аспаған Голощекин Маң­ғыстау тәрізді саясат­тан іргесі аулақ жатқан оқшау аймақтарда да бірлесіп мал бағу серіктестіктерін біріктіруді көздеді. Мұндай төтенше әрекетті көшпелі өмірге әб­ден көндіккен төңірек қолдай қой­мады. Қа­зақс­танның ОГПУ органдарының 1930 жылы қазан айында контрреволюция­лық ұйым туралы аңызды ойлап шығаруы жағдайды ушықтыра түсті. 7700 шаруа қожалығынан тұратын Маңғыстау ауданында 1931 жылы шілдеде халықтың 60 пайызы көтеріліске шықты. Адай даласына самсаған әскер түсіріп жатқа­нын көрген көтерілісшілер кәсіпшілік­терге, коопера­тив ұйымдарына, дайындау пункттеріне әділетсіз өкімет ошақ­тары деп қарап, жиі-жиі оларды талқан­дап, өртеп кетті. Бұл оқиға кезінде 600-800 адам­ топтасқан көтерілісшілер қолдары жасақ­талған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста