Абсолютті монархиялы елдерде конституция болмайды
Монархиялық мемлекеттердің өзі екіге бөлінетінінен хабардар едім. Сұрайын дегенім, абсолютті монархиялы елдерде конституция болмай ма?
Марат ТЫНЫШБАЙ, Астана
Абсолютті монархияда, аты айтып тұрғандай, монархтың билігі шексіз болады. Дәл осындай мемлекеттердің бірі – Сауд Арабиясы. Араб елінде мемлекеттік құрылым 1992 жылы қабылданған базалық құжаттар арқылы, ал қоғамдық жүріп-тұру ережесі шариғат бойынша анықталады. Абсолютті монархиялы елдердің қатарында Оман елі де бар. Оманда да конституция жоқ. Қоғамдық қатынастар 1996 жылы қабылданған «Сұлтан заңымен» реттеледі. Сондай-ақ Катар елінде де барлық заңдар шариғаттан бастау алады. Ал конституциялық монархиялы елдерде жоғары билеушінің құзыреті негізгі заңмен айқындалады. Конституциялық монархияның өзі парламенттік (Ұлыбритания, Дания, Швеция) және дуалистикалық (Марокко, Иордания, Кувейт) болып екі түрге бөлінеді.