Абайдың тіс протезі болған ба?
Қазақтың белгілі ақыны Абай Құнанбаевтың тіс протезі болған дейді. Шынымды айтсам, осы жайлы алғаш естігенде, таңғалғаным бар. Бұған қарап, Абай атамызды алдыңғы қатарлы технологияларға жақын болған деп айтуға да болатын шығар. Мен Абай атамыздың тіс протезі туралы білсем деп едім. Ол қашан дайындалған және қай жерде сақтаулы тұр?
Ардақ ТӨЛЕГЕНОВ, Алматы қаласы
Абай Құнанбаев – қазақтың ішінде алғашқылардың бірі болып тіс протезін салдыртқан адам. Қазіргі күні протез бен бабамыздың тістерінің фрагменттері Семейде сақтаулы тұр. Мамандардың айтуынша, белгілі ақынның тіс протезінің алты фрагменті және тістерінің кейбір бөліктері тарихи құндылықтардың бірі болып табылады. Тіс протезі ХІХ ғасырда дайындалған, ол атадан балаға жетіп, бүгінгі күні мұражайда сақтаулы тұр.