Абай Құнанбайұлының шетелдерде ескерткіштері бар ма? Қай мемлекеттерде Абаймен аттас жер-су атаулары бар?
Ғани Тұрғынбеков, Тараз қаласы
Қазақтың бас ақынына көптеген шетелдерде ескерткіштер қойылып, көше аттары берілген. Мәселен, бұған Түркияда – Ыстамбұл мен Анкарада, Ресей астанасы Мәскеуде, Иран астанасы Тегеранда, Қырғызстан астанасы Бішкекте және ТМД елдеріндегі басқа да ескерткіштер дәлел бола алады. Мәскеуде 2006 жылы қойылған ескерткіштің авторлары: мүсінші Марат Әйнеков, дизайншы Тимур Сүлейменов, суретші Эдуард Дробицкий мен сәулетші Вячеслав Романенко. Ал Дели, Каир, Берлин, Ташкент және тағы бірқатар шетел астаналарында Абайдың атына көше берілген. Орталық Тянь-Шань тауындағы шыңдардың бірі Абай Құнанбайұлы есімімен аталады. Орта Талғар шатқалында да ұлы ойшылдың атындағы шың бар.
Абай ескерткіштері қанша елде бар?
Последние статьи автора