Қазақта домбыраның да түрі көп. Абай және Құрманғазы домбыра деген қандай домбыралар?
Динара БАЙТОҒАЕВА, Алматы
Бұл домбыра түрлерін арнайы домбыра жасайтын шеберлерден сұрасаңыз, қалауыңызша жасап береді. Не болмаса, былай ажырата аласыз. Кәсіби деңгейдегі күйшілердің ұстайтыны – дәл осы сіз айтып отырған «Құрманғазы домбыра». Күй атасы саналатын Құрманғазы Сағырбайұлының тартқан домбырасы қазір көпшілікке мәлім шанағы дөңгеленіп келген үлкен домбыра. Ықылас атындағы ұлт-аспаптар мұражайына Құрманғазының домбырасы қойылған.
Қазақтың бас ақыны Абай атамыз өлең жазумен қатар, бірнеше ән шығарған. Өзі де ән айтқан. Ол кісі үш ішекті, екі ішекті домбыраны да тартқан. Жидебайдағы Абай мұражайында атамыздың үш ішекті домбырасы сақталған. Бұл домбыраны кәсіби музыканттар «қалақ» домбыра деп те атайды. Негізгі пішіні күй домбырадан сәл кішілеу, шанағы дөңгеленбейді, төменгі жағы тік бұрыштанып келеді. Әдетте мұндай домбыраны Шығыс Қазақстан, Арқа өңірінің шертпе күйшілері, әншілері ұстаған.
«Абай домбыра» деген қай домбыра?
Последние статьи автора