Бұрындары М.Әуезов атындағы драма театрында «Абай – Әйгерім» деген спектакль қойылған екен. Сол туралы аз-маз мағлұмат білгім келеді.
Мөлдір ЖАҚЫП, Алматы қаласы
«Абай» энциклопедиясының мәліметінше, «Абай – Әйгерім» спектаклі ұлы ақынның жастық шағы, оның Әйгеріммен арадағы махаббаты, адамгершілік қарым-қатынасы жайлы драмалық туынды. Оқиға желісі, әрине, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан алынған. Пьесаны жазған – халқымыздың талантты актрисасы, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Бикен Римова. Бұл шығарма театр әртісінің драматургтік қабілетінің де жоғары екенін байқатты. Қойылымды белгілі режиссер, актер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Жақып Омаров сахналады. Шығармада аса көрнекті композитор, мемлекет және қоғам қайраткері, КСРО халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Сыдық Мұхамеджановтың музыкасы қолданылды. Қазақ өнерінің мэтрлары туғызған драма 1980 жылы сәуір айында қазіргі М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында тұңғыш рет қойылды. Абай рөлінде Қазақстанның Халық әртістері Әнуар Боранбаев пен Әшірәлі Кенжеевтер ойнады. «Абай – Әйгерім» 90-жылдардың ортасына дейін жиі сахналанғанымен, соңғы кездері қойылмай кетті.
«Абай – Әйгерім» спектаклі қайда кетті?
Последние статьи автора