Ә. Қастеев атындағы мұражай жайында кеңірек білгім келеді

Суретші Әбілхан Қастеев атындағы мұражайдың  қысқаша тарихын білгім келеді. Мұражай қоры несімен ерекше?
Ернұр Рақым,
Талдықорған қаласы
Мемлекеттік болып саналатын бұл өнер мұ­ражайы – 1976 жылы Тарас Шевченко атын­дағы Қазақ мемлекеттік көркемсурет галереясы мен Республикалық қолданбалы өнер музейінің қоры негізінде қаланған. Бұл мекемеге шебер суретшінің есімі 1984 жылы берілді.
ЮНЕСКО-ның шешімімен 2004 жылы Әбіл­хан Қастеевтің 100 жылдық мерейтойы кең кө­лемде атап өтілді. Сол жылы 15 қаңтарда Әбіл­хан Қастеевтің мерейтойлық көрмесі салтанатты түр­де ашылды. Көрмеге суретшінің 400-ден аса акварельдік және кескіндеме туындылары, фо­то­құжаттар, суретшінің жеке заттары қойылды.
Ә.Қастеев атындағы МӨМ – еліміздегі бей­нелеу өнері саласындағы жетекші ғылыми-зерт­теу және мәдени-ағарту ісіндегі ірі көркем­сурет му­зейі. Музейде Қазақстанның бейнелеу өнері, қол­данбалы өнері, шетел классикалық өнері, жа­ңа дәуірдегі шетел өнері, қорлар, қайта қа­лыпқа келтіру, көрме және экспозиция, на­си­хат­тау және экскурсиялық қызмет көрсету, ақпарат жә­не баспа ісі сынды бірнеше ғылыми орталық жұ­мыс атқарады. Музей қорында 22 500-ден ас­там кескіндеме, графика, сәулет және бірқатар ел­дердің қолданбалы өнеріндегі жұмыстар не­гізгі қорындағы туындылар болып са­налады. Ә.Қастеев атындағы МӨМ әлемдік мә­дени мұ­раларды сақтау, оларды зерттеу және танытуда ма­ңызды іс шараларды орын­дайды. Мұнда жыл сайын халықаралық және республикалық ғы­лыми конференциялар өт­кізіліп тұрады және әр­кездері ұйымдас­тырылып тұратын қа­зақ­стандық, шетелдік су­рет­шілердің көрмелері өнер­сүйер қауымның қы­зығушылығын ту­дырып келеді. Музей жа­нында Кіші өнер ака­демиясы жұмыс істейді. Бұл мұражай ЮНЕСКО жа­нындағы беделді ИКОМ халықаралық му­зей­лер қауым­дас­ты­ғының мүшесі болып та­бы­лады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста