25 пайыздық үстеме ақы төлене ме?

Мен аудандық мұражайда қызмет атқарамын. Ауылдық жерде қызмет атқарғасын бізге 25% қосымша қаражат төленеді. Осы орайда, менің білгім келгені, сауықтыру ақысын төленгенде 25 пайыздық үстеме ақы қоса беріле ме?
Мағрипа,
Шығыс Қазақстан облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу бас­қар­масының сарапшы маманының мәліметінше, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 239-бабына сәйкес мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын азаматтық қызметшiлерге лауазымдық жалақысы мөлшерiнде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi. Азаматтық қызметшi­лер­­ге­ сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтiзбе­лiк жылда бiр рет төленедi. Кодекстің 1-бабында азаматтық қызметшi – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қазыналық кәсiпорындарда, мемлекеттiк мекемелерде ақылы штаттық лауазымда iстейтiн және олардың мiн­деттерi мен функцияларын iске асыру және мем­лекеттiк органдарға техникалық қызмет көрсетудi жүзе­ге асыру мен олардың жұмыс iстеуiн қам­тамасыз ету мақсатында лауазымдық өкiлеттiлік­тер­дi жүзеге асыратын адам деп белгіленген. Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесі Қазақ­стан Рес­публикасы Үкіметінің  2007 жылғы 27 қыр­күйек­тегі № 850 қаулы­сымен бекітілген. Қау­лы­ға сәйкес азаматтық қызмет­шілерге, мем­лекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкер­леріне, қазыналық кәсіпорындардың қызмет­к­ер­леріне еңбекақы төлеу жүйесі уақыт бойынша немесе кесімді еңбекақы төлеу жүйесі болып табылады деп белгіленген. Осыған орай, сауықтыруға арнал­ған жәр­демақы белгіленген лауазымдық жа­ла­қысы (еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы мен үстемеақыларды есептемегенде) мөлше­рінде төленеді. Бұл ретте, аталған жәрдемақы азаматтық қызметшілерге ауылдық жерде жұмыс істегені үшін жоға­рылатылған лауазым­дық жалақы мөлшерінде төленеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста