Бала кезде әке-шешем мені неге сүндетке отырғызбағанын білмеймін. Бірақ қазір жасым 24-тен асты. Әлі де болса сүндеттелгім келеді. Әйтпесе әжетханаға кіргенде достарымнан ұяламын. Сондықтан үнемі тығылып жүремін. Менің жасымда сүндеттелуге бола ма?
Әйбек, Тараз қаласы
Бұл сұраққа Алматыдағы №1 қалалық балалар емханасының хирургы Мусин Дәулет Серікұлы жауап береді:
–Негізі баланы сүндетке тек жас кезде отырғызу керек деген қатып қалған қағида жоқ. Келісім берсе, 40 жастан асқан жігіт ағаларын да сүндеттеуге болады. Керісінше, медициналық тұрғыдан сүндетке отырғызудың пайдасы өте мол. Біріншіден, ол – тазалықтың кепілі, екіншіден, жыныс жолдары арқылы тарайтын инфекциялар мен аурулардың алдын алады. Мұны уролог мамандар да растайды. Біз қазір бала туа салысымен, ата-анасы рұқсат берсе, 7-10 күнде-ақ сүндетке отырғыза береміз. Ерте отырғызғаннан ешкім ұтылмайды, керісінше ұтады. Оның үстіне жас сәбидің жарасы тез жазылады, ол сезбей де қалады.
«Сүндет» деген сөздің өзі Мұхаммед пайғамбардың сүннеті дегеннен шыққан. Хадистерде Пайғамбар өзінің немерелері Хасан мен Хусейнді туғанына 7 күн толғанда сүндетке отырғызғандығы айтылады. Тағы бір хадистерде 7-күні үлгермеген адам 21-күні отырғызуға болады деген нұсқасы бар.
24 жасар жігітті сүндетке отырғызуға бола ма?
Последние статьи автора