24 жасар жігітті сүндетке отырғызуға бола ма?

24 жасар жігітті сүндетке отырғызуға бола ма?

Бала кезде әке-шешем мені неге сүндетке отырғызбағанын білмеймін. Бірақ қазір жасым 24-тен асты. Әлі де болса сүндеттелгім келеді. Әйтпесе әжетханаға кіргенде достарымнан ұяламын. Сондықтан үнемі тығылып жүремін. Менің жасымда сүндеттелуге бола ма?
Әйбек, Тараз қаласы

Бұл сұраққа Алматыдағы №1 қалалық балалар емханасының хирургы Мусин Дәулет Серікұлы жауап береді:
–Негізі баланы сүндетке тек жас кезде отырғызу керек деген қатып қалған қағида жоқ. Келісім берсе, 40 жастан асқан жігіт ағаларын да сүндеттеуге болады. Керісінше, медициналық тұрғыдан сүндетке отырғызудың пайдасы өте мол. Біріншіден, ол – тазалықтың кепілі, екіншіден, жыныс жолдары арқылы тарайтын инфекциялар мен аурулардың алдын алады. Мұны уролог мамандар да растайды. Біз қазір бала туа салысымен, ата-анасы рұқсат берсе, 7-10 күнде-ақ сүндетке отырғыза береміз. Ерте отырғызғаннан ешкім ұтылмайды, керісінше ұтады. Оның үстіне жас сәбидің жарасы тез жазылады, ол сезбей де қалады.
«Сүндет» деген сөздің өзі Мұхаммед пайғамбардың сүннеті дегеннен шық­қан. Хадистерде Пайғамбар өзінің неме­релері Хасан мен Хусейнді туғанына 7 күн толғанда сүндетке отырғызғандығы ай­ты­лады. Тағы бір хадистерде 7-күні үлгермеген адам 21-күні отырғызуға болады деген нұсқасы бар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста