2028 жылы әлем халқының саны 10 миллиардқа жетеді
Халқы көп елдер жайлы сөз болғанда Қытай мен Үндістанды жиі еске аламыз. Мұнан кейінгі орындар қандай елдерге тиесілі екенін білгім келеді.
Гүлқадиша, Алматы қаласы
Халқы ең тығыз орналасқан елдер – Қытай (1,3 млрд), Үндістан (1,2 млрд), АҚШ (316,2 млн), Индонезия (248,5 млн) және Бразилия (195,5 млн). Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, бұл көрсеткіш алдағы 10-15 жылда көп өзгеріске түспек. Мысалы, француз ғалымдары 2028 жылдары Жер шарындағы халық саны 9,7 миллиардтан асатынын, адам саны бойынша алғашқы орынға Үндістан 1,6 млрд адаммен көтерілетінін айтады. Ал Қытай халқы 1,3 млрд деңгейінде қалмақ. Сонымен қатар мамандар пікірі расқа айналса, 2030 жылдарға қарай жоғарыда келтірілген Үндістан, Қытай, АҚШ, Индонезия және Бразилия секілді елдердің әрқайсысында шамамен 1,5 млрд адам өмір сүруі мүмкін.