18+: Тез жүкті болу үшін төсек қатынасымен қашан және қалай айналысу керек?

Жаңа үйленген жұптардың балалы болуға жоспармен, арнайы дайындықпен кірісетіні жасырын емес. Оған түрлі себептер де бар. Дегенмен, некелерін қиған соң біршама уақыт құрсақ көтермей жүрген жас келіндер де көп. Ендеше, тез жүкті болу үшін жыныстық қатынаспен қашан жәле қалай айналысу керек? Бұл сұраққа ERNUR.KZ жауап береді.

Жыныстық қатынаспен қай күндері айналысу керек?

Аналық ұрықтың жетілуі немесе овуляция күндері жүкті болуға өте қолайлы күндер деп есептейді мамандар. Овуляция айына бір рет қана болады. Оны арнайы тест арқылы немесе базальды температураны тексеру арқылы білуге мүмкіндік бар. Әйелдің жыныс жолдарына түскен сперматозоидтер 120 сағат бойы ұрықтандыруға қабілетті болады. Ал ұрықтандырылмаған жасуша тек 24 сағат қана өмір сүреді. Демек, егер жыныс қатынас овуляция кезінің 1-4 күндері аралығында болса, жүкті болу мүмкіндігі жоғары. Егер ұрықтандыру іске аспаса, овуляция кезеңінен 2 аптадан соң етеккір басталады.

Жүкті болу үшін жыныстық қатынаспен қанша рет айналысқан дұрыс?

Құрсаққа шарана бітуі үшін жыныстық қатынас аптасына 2-3 реттен кем болмауы тиіс. Егер күнаралата көк көрпені "бүлкілдетіп" тұрса, тіпті жақсы. Жүктілікті жоспарлап жүргендер етеккірден соң 10-шы мен 18-ші күндер арасында төсек ләззатынан күн сайын тоят тауып жүрсе, нәтижеге тез қол жеткізеді. Аптасына 1-ақ рет жыныстық қатынасқа түсетіндердің жүктілікке қол жеткізу мүмкіндігі небәрі 10% ғана.

Төсек қатынасымен қай кезде күн сайын айналысу керек?

Иә, жүктілікке қол жеткізу үшін күн сайын жыныстық қатынаспен айналысуы керек күндер де бар. Ол – овуляция кезеңі басталғаннан бастап қатарынан төрт күн. Сонымен қатар, содан кейінгі 2 күнде жақсы нәтиже береді. Ал басқа күндері жұптардың қалауына қарай төсек қатынасынан ләззат тауып тұруына болады.Статистика бойынша, жыныстық қатынаспен күнде айналысатындар мен төсектен ләззатты күнара алатындардың жүктілікке қол жеткізу мүмкіндіктері бірдей екен.

Таңертең бе, кешке ме? Жүктілік үшін қай уақыт ыңғайлы?

Айырмасы жоқ. Таңғы төсек ләззаты ма әлде кешкі ме, жүктілік үшін екеуі бірдей. Дегенмен, аналық жасушаны ұрықтандыру қабілеті кешкі уақытта белсенді болатыны зерттеліп, анықталған. Яғни, аталық ұрықтың кешкі уақытта белсенділігі артады. Егер еркекте сексуалдылық жағынан проблема болса, онда жүктілік үшін жұптардың таңертеңгі уақытта жыныстық қатынаспен айналысқаны дұрыс. Себебі, мұндай жағдайда еркектердің бойында құмарлығының оянуына себеп болатын тестостерон гормоны көбірек бөлінеді.

Қандай поза дұрыс?

Жүктілік үшін белгілі бір поза жоқ. Мән беретін жайт – жыныстық қатынастан соң аталық ұрық сыртқа ағып кетпеуін қадағалау қажет. Осы жағдайды есепке алғанда, әйелдер үстіңгі жақтан келетін позаларды таңдамаған дұрыс болмақ. Мүмкін болғанынша, аталық ұрықтың аналығына тезірек жететін позаларды қолдану керек. Олар – "еркек үстіңгі жақтан", "тізерлеп-шынтақтап" және "бір бүйірмен жатып".

Жүкті болу үшін жыныстық қатынастан соң не істеу керек?

Төсектен тоят таба салысымен әйел шалқалай жатып, жамбасын сәл жоғары көтеретін жастықша қойғаны дұрыс. Бұл сперманың ағып кетпеуіне және ұрықтың тереңірек баруына көмектеседі. Қынапқа түскен сперматозоидтардың басым бөлігі 3-5 минут аралығында жатырға түсіп үлгереді. Олардың жолын қысқарту үшін және межеге жетуіне көмектесу мақсатында 15-30 минут бойы төсектен тұрып кетпей жата тұру керек.

Жыныстық қатынастан соң қанша уақытта жүкті болады?

Овуляциясыз жүкті болу мүмкін емес. Егер аталық ұрықтың сапасы мен мөлшеріне проблема болмаса, тұрақты жыныстық қатынас жатыр ішінде сперматозоидке жайлы жағдай жасайды. Сол себепті, ол жеткен бойда аналық жасушаны ұрықтандыру мүмкіндігін жоғарылатады. Спематозоидтардың жылдамдығы минутына 3,5 мм. Демек, ол бір сағатта аналық жасуға жетіп үлгеруі тиіс. 

NUR.KZ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста