151-жеке атқыштар бригадасы мен 150-атқыштар дивизиясын неге жиі шатастырады?

Кей деректерде Рахымжан Қошқарбаев 151-жеке атқыштар бригадасынан шыққаны айтылады, кейбірінде 150-дивизиядан делінеді. Нақтысы қайсысы?
Нұртас,
Қостанай
150-атқыштар дивизиясы 1943 жылы қыркүйекте құрылды. Ал 151-жеке атқыштар бригадасы 1942 жылдың 28 сәуірінде құрылды. Дегенмен 150-ат­қыштар дивизиясы 151-жеке атқыштар бригадасы негізінде құрылған болатын. Шатасу осыдан болып жатыр. 150-атқыштар дивизиясының командирі болып подполковник Л.В.Яковлев тағайындалды. Дивизияны жасақтау жөніндегі бүкіл жұмыс тікелей алдыңғы шепте жүргізілді. Осы аса қиын міндет қысқа мерзімде ойдағыдай орындалды. Бұған дейін бригада атқарып келген тапсырмалар енді дивизияға табыс­талды. 1943 жылдан бастап олар 40 шақырымдай майдан шебіне орналасып, Старая Русса түбінде, Ильмань көлі – Взвад – Отвидино – Полисть өзенінің шығыс жағасында, армиялық мәні бар ұрыстар жүргізді. 1944 жылы мамырда дивизия командирі  Л.В.Яковлев Мәскеуге оқуға жіберіліп, орнына полковник В.М.Шатилов тағайындалды. Аталған дивизия 600-ден астам елді-қонысты, соның ішінде Идрица, Себеж, Пасиене, Каунате, Варшава, Ари­цинна сияқты  қалалар мен елді мекендерді азат етті.  (Сұраққа тарихшы Тілеу Көлбаев жауап берді)

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста