Қазір өзен-көлдерде мұз еріп жатыр. Мұз үстімен өту қауіпті. Суға кетіп қалып жатқандар көп. Сондай жағдайлардан сақтану үшін не істеу керек? Елімізде судан құтқару қызметінің бірыңғай байланыс нөмірі бар ма?
Рахат НҰРБАЕВ, Оңтүстік Қазақстан облысы
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мамандарының мәліметінше, судан құтқару қызметінің республика бойынша бірыңғай байланыс желісі бар, оның нөмірі – 112. Суқоймаларда немесе жағажайларда келеңсіз оқиғалардың куәсі болған уақытта осы нөмірге қоңырау шалған жөн. Былтыр елімізде 542 адам суға кетіп қалып, тағы сонша адам суқоймалардағы қауіпті жағдайлардан зардап шекті. Ал осы жылдың басынан бері Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында төрт адам суға батып кетті. Бұл оқиғаларға жергілікті тұрғындардың сақтық шараларын ескермеуі себеп болды.
112 қызметі қауіптен құтқарады
Последние статьи автора