1 Мамыр мерекесінің тарихы жайлы мағлұмат берсеңіздер. Бұл мереке қай уақыттан бастап аталып келеді? Бүгінгі таңда бұл мерекені қанша мемлекет атап өтіп жүр? 1 Мамыр мерекесін атап өтпейтін елдер де бар ма?
Жандарбек ИСАҚҰЛОВ, Алматы облысы
1886 жылы 1 Мамырда Американың Чикаго қаласында 8 сағаттық жұмыс күнін талап қылған жұмысшылар көтеріліске шыққан. Нәтижесінде, көтерілісшілер мен полиция қақтығысып, қан төгіледі.
1889 жылы шілдеде Парижде өткен ІІ Интернационалдың конгресінде Чикагодағы жұмысшылар көтерілісінің құрметіне жыл сайын 1 мамырда шеру өткізу туралы шешім қабылдайды.
1890 жылы Австро-Венгрияда, Бельгияда, Германияда, Данияда, Испанияда, Италияда, АҚШ-та, Норвегияда, Францияда, Швецияда және бірқатар басқа да мемлекеттерде Халықаралық еңбекшілердің ынтымақтастық күні аталып өтті.
Бүгінгі таңда бұл мереке әлемнің 142 мемлекетінде, 1 мамыр күні немесе мамыр айының бірінші дүйсенбісінде аталып өтілуде. Ал әлемнің 80 елінде бұл мерекені атап өтпейді екен.
1 Мамыр мерекесінің тарихы жайлы білгім келеді
Последние статьи автора