Жұлдыз Өмірғалидің анасы: Бір айналдырса, шыр айналдырады демекші, мені бірнәрсе айналдырып тұр

Жұлдыз Өмірғалидің анасы басынан өткен қиындықтар жайлы айтты. Әншінің анасы жаны мен тәні қатар ауырып, тағдырдың сынына қалғанын айтты. Жаны ауырған сәтте жақыныңның қолдауы ең керек дүние деген ойын жеткізді.

“Бір айналдырса, шыр айналдырады демекші, мені бірнәрсе айналдырып тұр. Былтыр күзден бері ауырғаннан өзіме келу қиынға соқты. Қыстан бастап отбасылық қиындықтар басталды. Жаның қиналғанда кімнің-кім екенін біле бастайды екенсің. Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы демекші жаныммен арпалысып кеттім. Жанымның жалауы деген желкеңнен түйіп, досқа күлкі, дұшпанға таба еткеніне ішім ашыды”, – дейді ана.

 
Айсәуле ханым адам қиындыққан тап болғанда жаныңдағы адамыңнан қолдау күтесің дегенді айтты. Тән ауырғаннаy жаның ауырған он есе ауыр екенін атап өтті. 

“Сондай жағдайда жүрсем де сыртым бүтін, ішім түтіндей жанып өзімді әлсірете түстім. "Сенің жаның кімге керек, Ақама" деп өзімді жігерлендіре түстім. Тәубә! Жаны ауырғанмен тәні ауырғанның үлкен айырмашылығы бар. Тәнімді кессе де, тепсе де ең ауыры жанымның ауырғаны болды. Сол кезде сәл сөзбен демегеннің өзі үлкен көмек болды”, – деді ол. 

Әншінің анасы бірнеше рет ауруханаға жатып шыққан. Біреуге жан қайғы уақытта біреуге мал қайғы екен деп ішкі ренішін жазады. Ал бардың қадірін бар кезде бағалайық деп ойын қорытты. 

“Өткенде ғана қан жоғалтып ауруханадан бір-ақ шығып едім, енді автобустағы жағдайдан тағы көзім көгеріп, маңдайым ісіп тағы есеңгіреп отырмын. Бірақ, Аллама сансыз шүкір тірімін. Сабыр түбі сары алтын. Барыңды бағала! Азғантай өмірдің қадірін білейік! Біреу тойып секірсе, біреу тоңып секіреді! Кімнің алдында не күтіп тұрғаны Аллаға ғана аян!”, – деп жазды Айсәуле ханым. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста