Жаз қызықтарының бірі жеміс-жидек қой. Әрі дәмді, әрі денсаулыққа пайдалы жеміс-жидек деген табиғаттың бізге берген ерекше сыйы. Жемістің түр-түрі қарнымызды тойдырып, шөлімізді қандырып қана қоймайды, дастарханымызға ерекше сән береді. Егер сіз үйіңізге қонақ күткенді жақсы көретін болсаңыз, онда төмендегі жемістердің ерекше сәнделіп кесілген түрлері сіздің қажетіңізге жарайды. Қуанышты салтанатыңызға орай жайылған дастарханыңыз көз тартарлық сәнді болсын десеңіз, мына суреттерге қарап, өзіңізге ұнағанын үйреніп алыңыз.