Кәмшат Жолдыбаева тағы да сынның астында қалды. Актриса отандық телехикаялардың бірінде ашық сахнаға түсіп, жұрттан оңбай сөз естіді, деп жазады Stan.kz.
"Рауза. Сакураның гүлдеуі" сериалынан алынған үзінді Instagram-дағы пабликтерде тарады. Онда Жолдыбаева кинодағы әріптесімен сүйісіп, махаббат сахнасын көрсеткен.
Көрермендер көріністің көзге оғаш әрі менталитетімізге жат екенін айтып, Жолдыбаеваға ұрысып тастады.
"Өзі құрып бара жатқан жастарға не тәлім-тәрбие береді? Масқара", "Біздің қазақтарға бұл ерсі қылық, басқаша болған дұрыс болар еді", "Заман өзгерді ма, адам ба, әке-шешесі бар ма осы қыздың?", "Дженнифер Лопес ұқсап түскісі келген да", "16 жастағы қызымызға қысқа юбка кисе ұрсамыз, мынаның әке-шешесіне мың алғыс", "Ұятсыз кино", "Ұят-ай", "Сөзім жоқ, ужас", – деп жазды оқырмандар.