Жәния Джуринская жолдасы екеуі шетелге көшетінін мәлімдеді. Актриса бұл туралы ұзақ ойланып, әр елді бірге талқылаған. Бұл туралы актрисаның өзі мәлімдеді.
“Жақында Даниярмен шетелге көшкіміз келетінін талқыладық. Әлем елдеріне саяхаттап, содан кейін бізге ең ұнайтын елге қоныстанамыз. Бірақ бизнес бізде қалуы керек деген ой келді. Өйткені біз жаңа елде жұмыс істегіміз келмейді. Барлығын қашықтықтан реттеу және әлемнің кез келген жерінде бүкіл бизнесті жай ғана онлайнға аудару оңайырақ.
Біз теңіз жағасында тұрып, кәсібімізді онлайн жүргізе аламыз. Осы ой мені көп мазалап жүр. Даниярдың онлайн бизнесін осылай жасамақпыз. Ал менің бизнесім қазірдің өзінде қашықтықтан жұмыс істейді”, – деп жазды актриса.
Желі қолданушылары өз ойын жазып, кеңесін айта бастады.
“Супер! Жәния, мен де сол пікірдемін, қазір қашықтықтан басқаруға көшу бойынша тренингтен өтіп жатырмын. Мен де әртүрлі елдерде тұруды жоспарлап отырмын!!”, “Мен толығымен онлайнда жұмыс істеймін және бұл маған өте ұнайды”, “Неге бәрі орысша, қазақша курстар жоқпа сізде қатысқым келіп еді”, “Қазір бәрі онлайн болып кетті”, “Сәнге айналған ғой деймін”, “Онлайн жұмыс істеу берекесіз кәсіп шығар”, – деп жазды олар.
stan.kz