Әлеуметтік желіде әнші Жанар Дұғалованың жас жігітпен сүйіскен видеосы тарады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Бұл бір фильмнің үзіндісі ме әзірге белгісіз.
"Жанар Дұғалованы сүйген жігітте арман жоқ шығар", "Қайталауға мүмкіндік бар ма?", "Күшті, Жанарды сүйген адам бақытты", "Ана жігіт осы сценаны қайта түсірейік деп қоймаған болар", "Жанка саған мұндай жараспайды, қоя салғанын дұрыс", — деген пікірлер бар.
Бұған дейін әншінің қансырап жатқан суреті тараған.